Дубайға ұшып бара жатқан әйелді ұшақтан түсіріп жіберді

Дубайға ұшып бара жатқан әйелді ұшақтан түсіріп жіберді

Дубайға ұшып бара жатқан әйелді ұшақтан түсіріп жіберді
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері жолаушылар пойызы мен ұшақтан 701 азамат түсірілген деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жөнінде көліктегі Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов хабарлады. Оның айтуынша, жыл басынан бері департаментте 19 209 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Сондай-ақ, қаңтар және мамыр айлары аралығында көлік полицейлерімен түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін жолаушылар пойызы мен ұшақтан акті бойынша 701 азамат түсірілді. Оның 437-сі - пойыздан, ал 264-і - әуе көлігінен. Мәселен, 4 маусымда Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция қызметкерлері «Дубай – Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейсінен акт бойынша құқықбұзушы әйелді түсірді. Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің бортында темекі өнімін тұтынған 21 жастағы Өзбекстан азаматшасын анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-2 бөлігімен, яғни, әуе кемесінің бортында темекі тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш (153 150 теңге) көлемінде айыппұл салынды.