Алматыда жеңіл көлік КамАЗ-дың астына кіріп кетті

Алматыда жеңіл көлік КамАЗ-дың астына кіріп кетті

Алматыда жеңіл көлік КамАЗ-дың астына кіріп кетті
ашық дереккөзі
Алматыда жеңіл автокөлік әскерилер мінген КамАЗ-бен соқтығысты деп хабарлады turkystan.kz. Куәгерлердің айтуынша, батыс бағытта Красногорская көшесімен келе жатқан әскери КамАЗ 70-ші разъездге солға бұрылып жатқан. Осы уақытта батыс бағытта Chery Tiggo кроссовері де келе жатқан. Белгісіз себептерге байланысты, жеңіл көліктің жүргізушісі бар жылдамдықпен КамАЗ-дың астына кіріп кетті. Қатты соққыдан машинаның алдыңғы бөлігінің быт-шыты шыққан. Куәгерлердің сөзіне сенсек, иномарка жүргізушісі мен жолаушысы мас болған. Екеуі де зардап шекті. Олар ауыр хәлде жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталуда.