Есіл өзенінің түбінен көлік дөңгелегі, жиһаз секілді қоқыс табылды

Есіл өзенінің түбінен көлік дөңгелегі, жиһаз секілді қоқыс табылды

Есіл өзенінің түбінен көлік дөңгелегі, жиһаз секілді қоқыс табылды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзенінде сүңгуірлік жұмыстар жүргізіп жатыр хабарлады turkystan.kz. Сүңгуірлер Кенесары көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде, сондай-ақ Тельман елді мекеніндегі «Жасыл арал» ауданында Есіл өзенінің түбін тексерді. Есіл өзені акваториясының түбінің 88 900 м2 аумағы тексерілді және түрлі қоқыстан тазартылып, 889 нүктеде су түбі/тұнба шөгінділерінің деңгейі анықталды. Зерттеу барысында Есіл өзенінің түбінде көлік дөңгелектері, жиһаз бөліктері сол сияқты өзге де ірі көлемді қалдықтар табылды.