Ішімдік ішкен ата-ана 5 жасар қызын балабақшаға тастап кеткен

Ішімдік ішкен ата-ана 5 жасар қызын балабақшаға тастап кеткен

Ішімдік ішкен ата-ана 5 жасар қызын балабақшаға тастап кеткен
ашық дереккөзі
Петропавлда ата-анасы 5 жасар қызын балабақшадан уақытында алып кетпеген деп хабарлады turkystan.kz. Баланы тұрғылықты жеріне әкелген тәрбиеші олардың пәтерінің есігі ашық тұрғанын байқап, полицияға хабарлайды. Ювеналдық полицейлер ерлі-зайыптыны ұйықтап жатқан жерінен оятқан. Олар спирттік ішімдікке тойып алып, қыздарын балабақшадан алып кетуді естен шығарыпты.
«Пәтердің ішіндегі шашылған шөлмектерден аяқ алып жүргісіз. Медициналық куәландыру қыздың ата-анасы алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті. Әйел бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған», - дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Динара Мұқанова.
Аталған дерек бойынша қыздың әкесі мен анасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полициясы есебінде қазір 242 тұрмысы төмен отбасы тұр. Биыл 26 солтүстікқазақстандық ата-ана құқығынан айырылса, алтауының ата-ана құқығы шектелді. Ата-аналық міндеттерін орындамау фактілері бойынша 418 материал жиналды.