Мектептерде ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді

Мектептерде ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді

Мектептерде ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу керек екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Барлық мектеп ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшуі керек. Оларды жинап алып, басқа адамдардың көзінше баланың үлгерімі мен тәртібін талқылаудан арылған жөн. Оның орнына жеке, топтық немесе ұжымдық форматта ұйымдастырған тиімді», - деп мәлімдеді министр.
Министрдің айтуынша, әрбір ата-анаға мұғалімнен өз баласының жетістіктері мен әлсіз тұстары туралы толық ақпарат алатындай жағдай жасау қажет.