Жаңалықтар

Ел тарихында жаңа кезең басталды - Атырау қалалық мәслихатының депутаты

ашық дереккөзі

Ел тарихында жаңа кезең басталды - Атырау қалалық мәслихатының депутаты

Атырау қалалық мәслихатының депутаты Айжан Сәрсембаева Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өткен референдумға қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Халық болашағымыз жарқын болуы үшін таңдау жасады. Еліміздің болашағының дамуы тікелей осы референдумға байланысты. Президент халыққа барынша еркіндік беруді мақсат етіп, мүмкіндік берді. Жаңашылдық әр кезде де керек. Ата Заңымыздың бір емес, 33 бабына өзгеріс енгізілмек. Ол - Конституцияның үштен бір бөлігі. Осындай маңызды шешімді қабылдау құзыреті тек Парламент қабырғасында қалмай, халықтың қатыса алуы мемлекетіміз үшін өте мәртебелі қадам», - деді Айжан Сәрсембаева. Оның айтуынша, жаңаратын, жаңғыратын уақыт келді. «Егемен ел атанғанымызға 30 жылдан асты. Жаңаратын, жаңғыратын уақыттың келгені сөзсіз. Қай-қайсымыз да елімізді өркениетті елдер қатарынан көргіміз келіп, армандайтынымыз ақиқат.  Қазақстандықтардың барлығы өз ойын айту арқылы өзгерістерге үн қосты. Біздің таңдауымыз болашақ ұрпақтың жолын ашып, қоғамның дамуына серпін береді», - деді Атырау қалалық мәслихат депутаты.