Тоқаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Тоқаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Тоқаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді. Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды. Сондай-ақ Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған. Президент Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.