Семейліктер әкімдерге қатысты жаңа челлендж бастады

Семейліктер әкімдерге қатысты жаңа челлендж бастады

Семейліктер әкімдерге қатысты жаңа челлендж бастады
ашық дереккөзі
Семейлік тұрғындар ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен оның орынбасары және Семей әкімі Бақытжан Байахметовтің суреттері бар және «Жаңа Қазақстанға ескі қоқыссыз!» деп жазылған плакаттарды қоқыс контейнеріне жабыстырып кеткен деп хабарлады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап. Жаңа челлендж үш күннен бері жүріп жатыр. Тұрғындар соңғы кезде қаланың бұрыш-бұрышы қоқысқа толып, уақытылы тазаланбай жатқанына осылай назар аудартпақ болған. Қоқыс контейнерлеріне жабыстырылған плакаттардан әсіресе қала әкімі Бақытжан Байахметовке ашулы екенін аңғаруға болады. Себебі плакаттардың көбінде Семей әкімінің суреті мен қызметіне қатысты жағымсыз сөздер жазылған. Ерекше флэшмобтың видеосы әлеуметтік желіде жаппай тарағаннан кейін, әлдекімдер шенеуніктердің суреттерін контейнерлерден алып кеткені белгілі болды. Мұны көрген жергілікті тұрғындар әкімдіктегілердің шашылып жатқан қоқысты емес, плакаттарды жинап әкеткеніне ашуланды. Айта кетсек, Өскеменде де тұрғындар жолдағы ойық-шұңқырларға қала әкімі Жақсылық Омардың суретін қойып, челлендж бастағанын жазған едік. Бұл билік назарын аудартуды көздейтін шара болған. Тағы оқи отрыңыз: Жолдағы шұңқырларға әкімнің суретін қою челленджі тарады  width=  width=  width=