Тараз тұрғыны зағип ер адамды тонап кеткен (ВИДЕО)

Тараз тұрғыны зағип ер адамды тонап кеткен (ВИДЕО)

Тараз тұрғыны зағип ер адамды тонап кеткен (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Таразда зағип ер адамды тонаған сәт видеоға түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тараз қалалық полициясына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Ол белгісіз адам облыс орталығындағы саябақтардың бірінен ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан. Күдікті орындықта отырған азамат зағип екенін байқап, қолынан құны 67 000 теңге тұратын ұялы телефонын алып кеткен. Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде күдікті тез арада ұсталған. Ол облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны болып шыққан. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Заттай дәлелдер иесіне қайтарылған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша соталды тергеу басталды.