Елімізде мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

Елімізде мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

Елімізде мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі
ашық дереккөзі
Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты пән енгізіледі. Бұл туралы БҒМ аппарат жиналысында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық Білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс 5-11-сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», - деді Мәдина Тыныбаева.
Сабақ 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізілмек. «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы 5-9-сыныптарда келесі салаларды қамтиды: - Парасаттылық және әдеп, - экология мәдениеті, - азаматтық және патриотизм, - өмір қауіпсіздігі, - медиа және қаржылық сауаттылық.