Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі тағайындалды

Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі тағайындалды

Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы 1982 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 2021 жылғы шілде айынан бастап Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылы 2 наурызда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін сол қызметті атқарып келді.