Жаңа Қазақстанды құруға әр адам өз үлесін қосуы керек - Айсұлу Ерниязова

Жаңа Қазақстанды құруға әр адам өз үлесін қосуы керек - Айсұлу Ерниязова

Жаңа Қазақстанды құруға әр адам өз үлесін қосуы керек - Айсұлу Ерниязова
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Жастар қанаты төрағасының орынбасары Айсұлу Ерниязова Жаңа Қазақстанды құруға әр адам өз үлесін қосып, атсалысу керектігін айтты. Бұл туралы Айсұлу Ерниязова Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Референдум қорытындысы бойынша, дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 77 пайызының 68,6%-ы оң шешімді жақтап дауыс берді. Осыдан-ақ өзгерістерді халық қолдайтынын байқауға болады. Референдумды қолдау Республикалық партия штабының мүшелерімен бірге 6 мамырдан 3 маусым аралығында үгіт-насихат жүргізіп, шалғай елді мекендер мен ауылдарда қала тұрғындарымен, жастармен, мұғалімдермен, кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру үшін 12 мыңнан астам іс-шара өткіздік. Президент референдум Қазақстан тарихындағы жаңа бетбұрыс екенін айтты. Референдумнан шет қалғандар уақыт өте келе Жаңа Қазақстанды бірге құруға және өзгеріс жасаушылардың қатарына қосылып, ой-пікірін өзгертетініне сенімім мол. Бастаманың барлығын жоққа шығару оңай. Соған қарамастан, қол қусырып отыра бермей, еліміз үшін жасалтын жаңа өзгерістерге әркім өз үлесін қосса, өзгеріс болары анық» деп жазды Айсұлу Ерниязова