Мемлекет Яндекс, Убер, Вольтта жұмыс істейтіндерге қамқорлық танытады

Мемлекет Яндекс, Убер, Вольтта жұмыс істейтіндерге қамқорлық танытады

Мемлекет Яндекс, Убер, Вольтта жұмыс істейтіндерге қамқорлық танытады
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Яндекс, Убер, Вольт платформаларында жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жайлы айтып берді деп хабарлады turkystan.kz.

«Сараптамалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда 500 мыңға жуық адам платформалық жұмыспен қамтылған. Яғни, азаматтар Яндекс, Убер, Вольт және Глово сияқты түрлі онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейді. Мұндай режим тұрғындарға ыңғайлы екені сөзсіз. Алайда, оның басты кемшілігі – жұмыспен қамтылғандар үшін әлеуметтік кепілдіктің жоқтығы. Бір сөзбен айтқанда, ондай азамат жұмыссыз қалса немесе балалы болуына байланысты жұмысын тоқтатса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қажетті әлеуметтік төлем ала алмайды.

Бір сөзбен айтқанда, ондай азамат жұмыссыз қалса немесе жүктілігіне және балалы болуына байланысты жұмысын тоқтатса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қажетті әлеуметтік төлем ала алмайды. Осыған байланысты, бұл азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін, онлайн платформалардың негізгі операторларымен кездесу өткіздік. Олармен бірге биылғы 1 шілдеден бастап қамту схемаларын пилоттық режимде жүргізу туралы шешім қабылдадық. Жұмыстың нәтижесін жыл соңына қарай ұсынамыз. Платформалық жұмыспен қамтуды танып, оны заңдастыру арқылы біз азаматтарға ыңғайлы режимді сақтай отырып, олардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауды көздейміз», - деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің сөзіне сенсек, осы жылдың соңына қарай заңға қажетті өзгерістер енгізіліп, бұл мәселе тиісті шешімін табады.