Штутгарт турнирі: Александр Бублик ширек финалға шықты

Штутгарт турнирі: Александр Бублик ширек финалға шықты

Штутгарт турнирі: Александр Бублик ширек финалға шықты
ашық дереккөзі
Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz. Жүлде қоры 770 мың еуроға бағаланған жарыста А.Бублик аустралиялық Ник Кирьоспен бірге бастапқы кездесуін аустриялық Филипп Освальд пен мексикалық Ханс Хач Вердугомен өткізді. Қазақстандық-аустралиялық жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында да өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы – дүниежүзілік рейтингте 77-орында тұрған америкалық Денис Кудла. Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов Италияда Перуджа челенджер жарысының екінші айналымына шыға алмады. Қазақстандық теннисші италиялық Флавио Коболлиге жол берді. Есеп – 6:7 (4:7), 3:6. Денис Евсеев Орландо (АҚШ) челленджер додасының алғашқы айналымында жапониялық Ясутака Утиямадан жеңіліп қалды. Есеп – 6:3, 3:6, 2:6.