Елордада «Астана кештері» ХІ халықаралық фестивалі қорытындыланды

Елордада «Астана кештері» ХІ халықаралық фестивалі қорытындыланды

Елордада «Астана кештері» ХІ халықаралық фестивалі қорытындыланды
ашық дереккөзі
Елордада рок пен симфониялық музыканың тамаша үйлесімін көрсеткен ерекше концерт өтті. Көрерменнің зор ықыласына бөленген «Рок музыкасының алтын хиттері» концерті «Астана кештері» ХІ халықаралық фестивалін қорытындылады. «Астана балет» театрының оркестрі италиялық дирижер Роберто Молинеллидің жетекшілігімен Queen, Beatles, Kiss, Pink Floyd, Metallica, Scorpions, Led Zeppelin, Europе топтарының атақты әндерін орындады.  width= Заманауи музыканың аңыз тұлғаларына арналған үлкен концерттік жобалардың авторы, композитор, дирижер Роберто Молинелли «Астана кештері» фестиваліне бұдан бұрын да бірнеше рет қатысқан. Жоба аясында оның «Queen» (2018 ж.) және «АВВА» (2021 ж.) топтарына арналған концерттері жоғары деңгейде өтті. Маэстроның айтуынша, «Астана кештері» әлемнің үздік орындаушыларын тоғыстырған ерекше фестивальге айналды.
«Биылғы фестивальдің мен үшін басты ерекшелігі – әр түрлі музыкалық жанрлардың үйлесім табуы. Рок хиттері, симфониялық музыка мен балет сахнасының қосындысы жаңа эмоция сыйлады. «Астана кештері» фестиваліне алғысым зор», - деді Роберто Молинелли.  
 width= Сахнада Йоган Бодинг (Швеция), Симоне Романато (Италия), гитарист Риккардо Бертоццини (Италия) сынды белгілі еуропалық әртістер өнер көрсетті. Әлемдік өнер жұлдыздары нағыз музыкалық шоу жасады.
 «Бұл менің Қазақстан еліне алғаш рет келуім. Алған әсерім тамаша. Еуразия төрінде орналасқан мемлекетте музыканың жаңа форматтарын зор ықыласпен қабылдайтын тыңдармандардың көп болуы мені таңғалдырды»,- деп бөлісті концерттен кейін швециялық әнші Йоган Бодинг.
Аншлагпен өткен концерт «The Show Must Go On» әнімен аяқталды. Еске салсақ, «Дегдар» гуманитарлық қоры ұйымдастырған «Астана кештері» фестивалі биыл тыңдармандарға  4 жаңа концерт ұсынды. Белгілі композитор Пьер Тиллуаның шығармашылық кеші, Берлин концерттік оркестрінің сүйемелдеуімен өткен атақты виолончелист Нарек Ахназарян мен танымал пианист Вадим Холоденконың концерттері елорда көрермендерін тамсандырды. Жоба аясында көрермендер классика, халық, эстрада музыкасын Қазақстанға және барша әлемге танытып жүрген үздік орындаушылардың өнерін тегін тамашалай алады. Фестивальдің қонақтары әлемдік сахналарды бағындырған өнер жұлдыздары болғанына қарамастан, концерттерге барлық билеттер тегін таратылды.  width=