Жаңалықтар

Есірткі сақтап, тасымалдаған атыраулық оқушы 7,5 жылға сотталды

ашық дереккөзі

Есірткі сақтап, тасымалдаған атыраулық оқушы 7,5 жылға сотталды

Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, мектеп оқушысы психотроптық заттарды сақтау және тасымалдауға қатысты айыппен сотталып, темір тордың ар жағына тоғытылды деп хабарлады turkystan.kz. Жыл басынан бері Атырау облысының аумағында кәмелет жасқа толмаған 20 оқушы қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Оның ішінде 13 ауырлығы орташа және 7 ауыр қылмыс. «Кәмелет жасқа толмаған оқушы К. «Телеграмм» желісіндегі хабарламаны көріп, табыс таппақшы болған. Ол аталмыш интернет-қосымшасында жұмыс тәжірибесі жоқ, жалақысы жоғары жаяу курьер қажет екендігі туралы хабарландыруды көрген. Осы хабарландыруға қызығушылық танытқан кәмелет жасқа толмаған К. курьердің жұмысы деп психотроптық заттарды жасырын орындарға салу, жеңіл материалды байыту мақсатын көздейтінін түсініп, аса ірі мөлшердегі есірткі мен психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау, өткізуге бағытталған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы қылмыстық ниеті анықталған. Нәтижесінде оқушы К. 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.