ПЭТ қалдықтарын елден шығаруға тыйым салынады

ПЭТ қалдықтарын елден шығаруға тыйым салынады

ПЭТ қалдықтарын елден шығаруға тыйым салынады
ашық дереккөзі
14 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан ПЭТ қалдықтарын әкетуге тыйым салынады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан пластик бөтелкелер мен пластмасса қалдықтарды шығаруға 6 айға тыйым салынады (бұйрыққа сілтеме http://zan.gov.kz/client/#!/doc/168396/kaz). Дәлірек айтқанда: сыйымдылығы 2 литрден аспайтын бөтелкелерді, құтыларды және ұқсас бұйымдарды; сыйымдылығы 2 литрден асатын өзге де бөтелкелерді, құтыларды және ұқсас бұйымдарды; пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды әкетуге болмайды. Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға тыйымның енгізілетіні туралы хабарлауға тиіс. Бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады», - делінген ведомство хабарламасында.