Футболдан Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасы 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы екінші ойынын Словакияға қарсы өткізді деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Словакияда өткен матчта Қазақстан құрамасы сенсация жасап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды алғашқы таймда Аслан Дарабаев соқты. Айта кетсек, Магомед Адиев шәкірттері бұған дейін Әзербайжан құрамасынан 2:0 есебімен басым түскен еді. УЕФА. Ұлттар лигасы. С тобы Словакия - Қазақстан - 0:1 (0:1) Гол соққан: Дарабаев.