ЕЭК Қазақстанға инфляция деңгейін төмендету шараларын ұсынды

ЕЭК Қазақстанға инфляция деңгейін төмендету шараларын ұсынды

ЕЭК Қазақстанға инфляция деңгейін төмендету шараларын ұсынды
ашық дереккөзі
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы «Қазақстан Республикасында инфляция деңгейін (тұтынушы бағаларының индексін) төмендетуге бағытталған шаралар бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия ұсыныстары туралы» ұсыныс қабылдады, деп хабарлайды strategy2050.kz. ЕЭК-те бұл мүше ел үшін Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Комиссия дайындаған екінші құжат екені хабарланды. Ұсыным Қазақстанның ЕАЭО туралы шартта айқындалған инфляция деңгейі көрсеткішінің сандық мәнінен асуына байланысты әзірленген. Ол биылғы жылдың бірінші тоқсанында — 115,7 %, екінші тоқсанында — 117,3 % және үшінші тоқсанында 116,6 % құрады. Комиссия экономикалық жағдайды жақсарту жөніндегі Қазақстан қабылдаған ұлттық шараларды қолдай отыра, республикаға тұтыну бағаларының өсуін төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруды ұсынды. Комиссияның ұсыныстарын іске асыру орташа мерзімді перспективада Қазақстан экономикасының импортқа тәуелділігін төмендетуге ықпал етеді. Бұл елімізде тұтынушы қоржынында импорттың жоғары үлесіне ие салаларда бәсекеге қабілетті өнім өндірісін дамыту есебінен орын алады. Нәтижесінде Қазақстанның сыртқы әсерлерге макроэкономикалық төзімділігі артады, инфляция төмендейді. ЕЭК-те ЕАЭО елдері экономикалық дамудың тұрақтылығын анықтайтын көрсеткіштер аясында макроэкономикалық саясат жүргізуі тиіс екені түсіндірілді. 2016 жылғы 15 қарашада Комиссия Алқасы «Қырғыз Республикасының мемлекеттік басқару секторының борышын азайтуға бағытталған шаралар бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия ұсыныстары туралы» ұсыным қабылдады.