Зейнеткер белгісіз жағдайда суға батып кетті

Зейнеткер белгісіз жағдайда суға батып кетті

Зейнеткер белгісіз жағдайда суға батып кетті
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы Қазалы ауданында 67 жастағы азамат белгісіз жағдайда көлге суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 6 маусымда жергілікті уақытпен сағат 16.04 шамасында болды.
«Қазалы ауданына қарасты Тасарық ауылына қарайтын Лақалы елді мекенінде тұратын 1955 жылғы азамат Балтабай көліне белгісіз жағдайда батып кеткен. Оның денесін ауыл тұрғындары өз күшімен судан алып шыққан», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 адам суға кетті.