А.Оралов: Әділетті Қазақстан құру - барлығымызға ортақ міндет

А.Оралов: Әділетті Қазақстан құру - барлығымызға ортақ міндет

А.Оралов: Әділетті Қазақстан құру - барлығымызға ортақ міндет
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Ата Заңға енгізілетін түзетулер Жаңа Қазақстанның іргетасын қалайтынын жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін референдум өткізуді қолдау Республикалық партия штабының жұмысын қорытындыладық. Өздеріңіз білетіндей, «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде үгіт насихат жұмысына бірінші күннен бастап белсенді түрде кірісіп кетті. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары барысында біз санға емес, сапасына мән бердік. Кеше азаматтар өз таңдауын жасап, елдің болашақ даму жолына қатысты шешім қабылдады. Осы арқылы еліміз Жаңа Қазақстанның іргетасын қалады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, референдумға азаматтарымыздың 68,06 пайызы келіп, өз дауыстарын берген. Бұл -  8 млн-ға жуық азамат. Олардың 77,18 пайызы конституциялық өзгерістерді қолдады», - деді А.Оралов.
Сонымен қатар референдум елімізде демократиялык сана мен саяси мәдениеттің қалыптасқанын айтып, азаматтар күткен өзгерістердің орындалатынын жеткізді. «Азаматтарымыз түбегейлі өзгерістерді талап етті. Президент ұсынған реформалар сол өзгерістер сұранысына нақты жауап болды. Жаңа Қазақстанның кескіні, құрылымы, бағыт-бағдары анықталып жатыр. Референдумда халық оны өзі айқындады. Алда көп жұмыс, үлкен міндеттер тұр. Енді Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құру - барлығымызға ортақ міндет», - деп мәлімдеді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы.