Бір аптада 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді

Бір аптада 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді

Бір аптада 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
ашық дереккөзі
Елімізде бір аптада 3 мыңнан аса қылмыс тіркелсе, оның 1824-і бір күнде анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Еліміздің ішкі істер жүйесінде қызметтік ауыс-түйіс. Ішкі істер министрінің бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары – Қуаныш Орынбетов, Павлодар қаласы Полиция басқармасының бастығы лауазымына – Ермек Әлжанов, Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының бастығы – Алмас Әмзеев тағайындалды. Сондай-ақ Ұлттық ұланның бас қолбасшысының орынбасарлығына Қайрат Үмбетов лайық деп танылыпты. Бұдан бөлек, министрліктің мәліметінше, елімізде бір аптада 3000-нан аса қылмыс тіркелген.
«Оның 1824-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 10 кісі өлтіру, 3 өлімге әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 47 тонау және 500 бөтен мүлікті тонау қылмысын ашты», – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.