«Қайрат» - 19 дүркін Қазақстан чемпионы!

«Қайрат» - 19 дүркін Қазақстан чемпионы!

«Қайрат» - 19 дүркін Қазақстан чемпионы!
ашық дереккөзі

Алматылық «Қайрат» футзалдан 19-рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Финалдық серияда алматылық команда Рудныйдың «Аятына» қарсы ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Алматыда өткен екі ойында «Қайрат» алдымен 4:2, кейін 7:2 есебімен жеңіске жетті. Рудныйда өткен ойын 4:2 есебімен аяқталды. Кездесудің бірінші таймында «Қайрат» сапынан Дәурен Тұрсаұлов пен Альберт Ақбалықов гол соқса, алаң иелері сапында Леандриньо көзге түсті. Екінші таймда Біржан Оразов пен Карлос Санз гол авторы болса, «Аят» сапында Данил Карпюк бір голмен жауап берді.