«Барыстан» 13 хоккейші кетіп қалды
Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты Орталық ақпараттық бюроның электронды базасының мәліметтеріне сүйене отырып, ойыншылар кестесін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Соған сәйкес, «Барыстан» 13 хоккейші кеткен. Олар: Якоб Берглунд, Линден Вей, Кертис Волк («Автомобилист»), Коди Куник, Якоб Лилья, Роман Старченко мен Томаш Юрчо. Қорғаушылар: Олле Альсинг («Лександ», Швеция), Эрик Мартинссон («ХВ 71», Швеция), Джо Морроу, Валерий Орехов («Металлург») пен Роман Савченко, сонымен қатар Йони Ортио («ХВ 71», Швеция).
Қазір командада 12 хоккейші қалды.