Жаңалықтар

Бангладеш портындағы жарылыстан 49 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Бангладеш портындағы жарылыстан 49 адам қаза тапты

Ел астанасы Даккадан оңтүстік-шығысқа қарай 216 шақырым жерде орналасқан Читтагонг қаласында химиялық заттар контейнерлері сақталған порт қоймасында жарылыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Жарылыстан кейін тұтанған өрт салдарынан 49 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алған. Бангладеш Азаматтық қорғаныс және өрт сөндіру бөлімінің басшысы Майн Уддиннің айтуынша, қаза тапқандардың арасында бес өрт сөндіруші бар. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс химиялық реакция нәтижесінде болған.