Латвияда тағы 80 ресейлік телеарна көрсетілмейтін болды

6 маусым, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Латвияда тағы 80 ресейлік телеарна көрсетілмейтін болды Латвияның электрондық БАҚ жөніндегі ұлттық кеңесі тағы 80 ресейлік телеарнаны қара тізімге енгізді деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. «Бұл шешім 9 маусымда күшіне енеді. Ресей соғысты тоқтатпайынша, шектеу алынбайды», – деп кеңестің басшысы Иварс Аболиньш. Атап айтқанда, Е TV, Иллюзион+, «Кино 24», «Мир ТВ», «Охота и рыбалка», «Перец», «Русский Иллюзион» телеарналарына қарсы санкция жарияланды. 1 наурыздан бастап Латвия аумағында «МИР-24» және RTVI телеарналарының көрсетілімі тоқтатылды. Ескеи салсақ, Батыстың Ресейге салған санкцияларына байланысты Түркіменстан мен Қырғыз елінде де ресейлік «Россия-1»  мен «Звезда» телеарналарының хабар таратуына тыйым салынғанын жазған едік.