Саяси партиялар референдум қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

Саяси партиялар референдум қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

Саяси партиялар референдум қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Елдегі саяси партиялар референдумды қорытындылады деп хабарлады turkystan.kz.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Республика Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша өткен референдум ашық әрі демократиялық үрдістердің сақталуымен өтті деп есептейді.

«Референдум барысында учаскелерді бақылаған «Ақ жол» демпартиясының өкілдері сайлау заңнамасының қатаң бұзылуын тіркемеді. Тек дауыс беру нәтижесіне әсер етпейтін техникалық ақаулар мен сайлаушылар тізіміндегі жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Референдум қорытындысы талассыз әрі Қазақстан халқының мықты Президент, ықпалды парламент пен есеп беретін Үкіметі бар мемлекетті басқараудың жаңа моделін құру бағытын қолдайтынын айғақтайды» деп  мәлімдеді  партия көшбасшысы Азат Перуашев.

«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевтың мәлімдеуінше, референдум тағайындалған алғашқы күннен бастап партия мүшелері Президенттің бастамаларына қолдау білдіріп, Конституциялық өзгерістердің мазмұнын талқылау ісіне белсене араласқан.

«Біз үшін дамудың жалғыз ғана жолы бар. Ол – демократиялық жол. Тек демократиялық жүйеде ғана қоғамның әрбір мүшесі мемлекеттік саясатты қалыптастыруда тең құқыққа ие бола алады. Кешегі референдум арқылы барша Қазақстан халқы осы жолды таңдады деп білемін» деп мәлімдейді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшелері.

Референдум қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізуге Қазақстан Халық партиясы да белсене араласты. Партия атынан мәлімдеме жасаған саяси ұйымның жаңа төрағасы Ермұхамет Ертісбаев:«Біз нәтижеге ризамыз және бұл – барлық қазақстандықтардың жеңісі деп санаймыз! Қазақстандықтар іс жүзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор сенім білдірді» дейді. Қазақстан Халық партиясы референдумнан кейін қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет – Конституцияның қабылданған нормасын заңнамалық және тәжірибелік тұрғыда іске асыру деп есептейді.

«Барлық мемлекеттік компанияларды, бірінші кезекте «Самұрық-Қазына» қорын шенеуніктердің қолынан тікелей және дереу халықтың меншігіне беру қажет. Біз, Қазақстан Халық партиясы «Жер және жер қойнауы халыққа тиесілі» деген Конституциялық норманы іске асыру жөніндегі халық заңын жария түрде әзірлеудің басталғанын мәлімдейміз» деп  жазылған партияның бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан мәлімдемесінде.