Мұнай бағасы қымбаттады

Мұнай бағасы қымбаттады

Мұнай бағасы қымбаттады
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясы мұнай бағасын күрт көтергеннен кейін қара алтынның бағасы шарықтап кетті деп хабарлады turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Бүгін нарықтағы Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,5 пайызға артты. Ал бағасы барреліне 121,52 долларға дейін өскен. Сондай-ақ West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай фьючерстері 1,4 пайызға артқан. Бұл - кейінгі үш айдағы ең жоғары көрсеткіш. Осылайша WTI маркалы мұнай бағасы барреліне 120,50 долларға дейін өсті. Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы Сауд Арабиясы араб мұнайының Азияға ресми сату бағасын (OSP) үстеме ақымен қымбаттатқанын хабарлады. Бұл қадам мұнай экспорттаушы елдер мен ОПЕК+ ұйымның шілде-тамыз аралығындағы өндірісті күніне 648 мың баррельге немесе мұнай өндіруді 50 пайызға арттыру туралы шешіміне қарамастан жасалып отыр.