Іргесі берік жаңа Қазақстан

Іргесі берік жаңа Қазақстан

Іргесі берік жаңа Қазақстан
ашық дереккөзі
«Елу жылда ел жаңа» деп дана халқымыз айтқандай, тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы маңызды қадам жасайтынын айтқан болатын. Еске салсақ 29 сәуір күні Мемлекет басшысы республикалық референдум өткізуге ұсыныс жасап, Жарлыққа қол қойып, мерізімін 5 маусымға бекіткен. Бұл референдум - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 3-ші маңызы бар республикалық референдум. Референдумда Конститутцияның 3/1 бөлігіне, яғни 99 баптың 33-іне өзгеріс енгізілу қарастырылды. Содан бергі 1 ай уақыт көлемінде Мәжіліс, мәслихат депуттары халықпен етене жақын араласып, түсіндіру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізді. Жалпы түсіндіру жұмыстары аясында арнайы жасақталған топ мәжіліс депутаты, философия ғылымдарының докторы Жамиля  Нұрманбетова, Польша мемлекетінің халық әртісі Бибігүл Ысқақова, медицина ғылымдарының докторы, академик Жасан Зекейұлы, AMANAT партиясының өкілі Игорь Несенмен бірге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша арнайы түсіндіру шараларын жүргізді. 8 күнге созылған түсіндіру  жұмыстары арнайы бағыттар арқылы жүзеге асты. Шараның алғашқы күні №37 мектеп қызметкерлерінен бастап, сонымен қатар №32 балабақша ұжымымен кездесіп, ғылыми-травматология институтында жалғасын тапты. Негізгі шара барысында мұғалімдердің және тағы басқа ұжым қызметкерлерінің  бұл өзгеріске деген оң көзқарастарын көріп, қолдайтындардың қарасы қалың екенін түсіндім. Жалпы шарада қандай ұжым болмасын жылы қарсы алып, Мәжіліс депутаты Жамиля Нүсіпжанқызының сөзін бір адамдай ұйып тыңдағаны тәнті етті. Түсіндіруші топ өзгерістердің қалай жүзеге асатынын айтып, Мемлекет басшысының бұл реформасын қуаттап, референдумның мән-мағынасын түсінікті тілде жеткізе алды. Медицина ғылымдарының докторы Жасан Зекейұлы тамаша сөз саптау шеберлігімен, ұлағатты сөздерімен референдумның маңызын түсіндірді. AMANAT партиясының өкілі Игорь Несеннің мемлекеттік тілде шаршы топтың алдында сөз сөйлеуі - талайдың таңдайын қақтырғаны рас. Жалпы бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, одан әрі №73 мектеп лицейінде, жауапкершілігі шектеулі «Үміт» орталығында, «Қазақ Парамаунт Инженерлігінде», т.б көптеген мекемелерде жалғасын тапты. Жалпы ой қалыптасқан жерде пікір-шағым болатыны белгілі, осы орайда, референдумға байланысты пікір-шағым, өзіндік ойларын жеткізген жандар да аз болмады. Сол шағымдардың ең өзекті, көп қамтылғаны мемлекеттік тіл мәселесі болды.

Бір айдан астам уақытқа созылған түсіндіру шаралары референдумға деген халықтың түсінігін арттырып, мән-маңызын, жауапкершілігін сезінуге зор ықпалын тигізді. Жалпы осы аралықта жасалған игі шаралар, жұмыстар өз нәтижесін беріп, дауыс беруге құқылы 11 938 293 азаматтың 7 986 293-і дауыс берген. Алдын-ала берілген статистика бойынша, Конституцияға өзгеріс енгізуге Қазақстан халқының 77,18 пайызы дауыс берген.

Нұрдәулет ЖАНДАУОВ,

                         Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика факультетінің 2-курс студенті