Жаңалықтар

«Пәтер алып беремін»: Шымкентте алаяқ әйел сотталды

ашық дереккөзі

«Пәтер алып беремін»: Шымкентте алаяқ әйел сотталды

Пәтер алып беремін деп 21 шымкенттікті алдаған әйел 4 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Шымкент қаласының тұрғыны мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға көмектесемін деп екі жыл бойы азаматтарды алдап келген. Алаяқтың арбауына 21 тұрғын түскен. Олар алаяққа 34 миллион теңге ақша берген. «Алаяқтықты кәсіп еткен 27 жастағы әйел қала аумағында соғылып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерден танысы арқылы пәтер алып бере алатындығын айтып, тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшаны өз пайдасына жаратып отырған. Сондай-ақ балаларына қарау үшін үйіне жұмысқа алған әйелдің банк карточкасын қолдануға алдап сұрап алып, ұялы телефонына оның қосымшасын орнатып алған», - делінген хабарламада. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстары барысында куәлерден жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Банктік аударымдар тексеріліп, күдіктінің алаяқтық ісі дәлелденген. Ол қылмыстық істі жасағаны үшін 4 жылға сотталды.