«Дикий Арманға» қатысты жаңа ақпарат шықты

«Дикий Арманға» қатысты жаңа ақпарат шықты

«Дикий Арманға» қатысты жаңа ақпарат шықты
ашық дереккөзі
Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Дикий Арман» лақап атымен танымал болған Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы 2 айға ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz. 3 маусым күні Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты. Еске салсақ, Жұмагелдиев мына баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған: – ҚК 287-бабы, 4-бөлігі («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»); – ҚК 272-бабы, 2-бөлігі («Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу); – ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармақшасы («Адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу»).