Футболдан Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі

6 маусым, 2022 / Інжу Әлихан
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасы екінші турында сырт алаңда Словакиямен кездеседі. Аталған құрама қазақстандық футболшылардың еуропалық елдер қатарынан 41-ші қарсыласы болмақ деп хабарлады turkystan.kz. Словакия және Қазақстан бұған дейін ұлттық құрама деңгейінде кездескен жоқ. Еске салсақ, Қазақстан құрамасының Словакиямен кездесуі бүгін елорда уақытымен 00:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Айта кетсек, Қазақстан құрамасы футболдан UEFA Ұлттар лигасын жеңіспен бастады.