Жаңалықтар

Елордада референдум күні 65 бала дүниеге келді

ашық дереккөзі

Елордада референдум күні 65 бала дүниеге келді

Референдум өткен күні, яғни 5 маусымда елордада 65 бала дүниеге келді. Бұл мәліметті қалалық көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктары ұсынды деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Референдум күні елордада 65 бала дүниеге келді, оның ішінде: 36 ұл, 29 қыз. Нәрестелер мен олардың аналары өздерін жақсы сезінеді. Айта кетсек, жаңа босанған аналар да, көпсалалы ауруханалардың акушерлік блоктарында емделіп жатқан жүкті әйелдер де Конституцияға түзетулер бойынша дауыс бере алды. Осы мақсатта медициналық мекемелерде 35 арнайы сайлау учаскесі жұмыс істеді.