Еуропа қазақтарының арасында футболдан жарыс өтті

Еуропа қазақтарының арасында футболдан жарыс өтті

Еуропа қазақтарының арасында футболдан жарыс өтті
ашық дереккөзі
4-5 маусым аралығында Париж қаласында шетелде тұратын отандастардың қатысуымен өтетін Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайында футбол жарысы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара Қазақстан Республикасының Франциядағы елшілігі мен Франциядағы Қазақ-Түрік қоғамы, сонымен қатар «Отандастар қоры» ҚеАҚ-ның атсалысуымен ұйымдастырылған.
«Кездесу-құрылтайдың ресми ашылуы Еуропа елдері мен Қазақстаннан келген командалар арасындағы футбол ойындарының өтуімен бастау алды. Тоғыз елдің намысын қорғаған 13 команда өзара мықтыны анықтады. Атап айтқанда, Парижден – 4, Берлиннен – 1, Кельннан – 1, Мюнхеннен – 1, Венадан – 1, Түркиядан – 1, Қазақстаннан – 3 және Голландиядан 1 команда футбол алаңында бас қосты», - делінген хабарламада.
Ашылу салтанатында Garges-Les-Gonesse қаласының мэры Benoit Jimenez бен «Отандастар қоры» ҚеАҚ-ның президенті Абзал Сапарбекұлы сөз сөйлеп, әр қомандаға сәттілік тіледі. Ойын барысында Қазақстан елінен келген «Алматы» командасы мен «Париж - 1» командасы финалға шығып, дода соңында «Алматы» командасы жеңіске жетті.