AMANAT медиа сыйлығы – 2022: байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

AMANAT медиа сыйлығы – 2022: байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

AMANAT медиа сыйлығы – 2022: байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр
ашық дереккөзі
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда еліміз үшін аса маңызды саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптар қамтылған үздік материалдар сынға түседі деп жазды turkystan.kz. Бұған дейін AMANAT партиясы бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқаудың басталғанын хабарлаған еді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда еліміз үшін аса маңызды саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптар қамтылған үздік материалдар сынға түседі. Биылғы медиа сыйлық БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі. Сондай-ақ AMANAT медиа сыйлығы  аясында арнайы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы, Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және белсенді азаматтық ұстанымы үшін деген номинацияда арнайы сыйлықтар қарастырылған. Өтінімдер 20 мамырдан 20 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 24 маусым күні  салтанатты түрде марапатталады. Биылғы байқаудың үздіктері AMANAT медиа сыйлығы мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады. Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады. Тақырыбы бойынша: «Жаңа Қазақстанды» құру туралы үздік материал; AMANAT партиясының трансформациясы туралы үздік материал; Әлеуметтік мәселеге арналған үздік материал; Аймақ туралы үздік материал; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы  туралы үздік материал; Жастар туралы үздік материал; Рухани-мәдени дамуға арналған үздік материал. Арнайы сыйлықтар: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы; Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы; Белсенді азаматтық ұстанымы үшін сыйлығы. Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады.  Байланыс үшін: 8-7172-916-005, 8-778-097-55-23. Электронды  мекенжай: media_premiya@amanatpartiasy.kz