Павлодарда «партиялық» трамвай іске қосылды

Павлодарда «партиялық» трамвай іске қосылды

Павлодарда «партиялық» трамвай іске қосылды
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап Павлодар көшелерімен ерекше трамвай жүреді. «AMANAT» партиясының брендтік түстерімен ресімделген вагон жолаушыларды тасымалдап, халықты партиялық бағдарламалар туралы хабардар ету үшін өзіндік платформа ретінде қызмет етеді. Жоба «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-ның бастауыш ұйымы партиялық жарналардан бөлінетін ай сайынғы қаражаттың 20 пайызы есебінен іске асырылды. Рейстің алғашқы күнінде жергілікті депутаттар жолаушылар арасында қоғамдық қабылдау өткізді. «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы «партиялық» трамвайдың тиімді диалог алаңына айналатынына сенімді және онда әрбір адам күнделікті істерді алаңдамай, сұрақтар қойып, ақпарат ала алады.  width=
«Трамвай барлық бағыттар бойынша жүреді. Негізгі бағыт қала орталығында орналасқан №5 айналма жолы болады. Онда қазір ақпараттық стенд ілінген, алдағы уақытта барлық партияластар осы трамваймен жүріп, тұрғындармен тығыз байланыста кездесулер өткізетін болады», - деп атап өтті «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы Мүслім Махмұдов.
Сол күні облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары трамваймен қалада қатынап, азаматтарды жеке қабылдады.  width=
«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ бастауыш партия ұйымы қайтарымды қаражат шеңберінде 20% мөлшерімен AMANAT партиясының жұмысы бойынша трамвайды ресімдеуді ұйымдастырды. Бұл трамвай «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында іске қосылады, сондай-ақ, «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары да бар. Олардың барлығы біздің алдымызда халық қойып отырған сұраныстар мен тілектері аясында еліміздің, қоғамның әлеуметтік даму саласына бағытталған. Сондай-ақ, ең негізгі мақсат – халықпен жұмыс істеу, жылдам мәселелерді шешу екенін атап өткім келеді. Біз осындай бірнеше платформаларды құрдық. Ірі БПҰ-да мобильді қабылдау бөлмелері ашылған. Осындай қабылдау бөлмелерінің ашылуы аясында трамвай іске қосылды. Біз адамдарды қабылдаймыз, өтініштерді тіркейміз және пысықтаймыз»,- деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко.
1 наурызда өткен партияның съезінде Бастауыш партия ұйымдарының бастамаларын қолдау мақсатында және партиялық жобаларды іске асыру үшін жергілікті жерлерде БПҰ-ға партиялық жарналардың 20%-ын қайтару тәжірибесі енгізілген еді. Енгізілген бастамалар БПҰ ынталандырып және оларға партия өміріне белсенді араласып, партиялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі іс-шара соның айқын көрінісі.