Алматыда сауда орталығы өртенді

Алматыда сауда орталығы өртенді

Алматыда сауда орталығы өртенді
ашық дереккөзі
Алматыдағы «Самал» шағынауданында орналасқан Life town сауда орталығынан өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде Life town сауда орталығына жапсарлас орналасқан дөнер және бургер сататын дүңгіршектен өрт шыққаны туралы хабар тарады. Қызыл жалын сауда орталығына қарай ұласқан. Алматы ТЖД мәліметінше, өрт 6 маусым, сағат 5:45 шамасында шыққан.
«Дөнер сататын дүңгіршектен шыққан өрт сауда орталығының екінші қабатына ұласқан. Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыды. Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына сағат 05:50-де (5 минутта) келді. Өрт 06:16-да ауыздықталып, 06:30-да толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 50 адам жұмылдырылды.