Қайрат Нұртас ән айтқан концертте келеңсіз оқиға болды (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас ән айтқан концертте келеңсіз оқиға болды (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас ән айтқан концертте келеңсіз оқиға болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бұл жолы әншінің павлодарлық тындармандары концертте шу шығарған деп хабарлады turkystan.kz. Павлодарда Қайрат Нұртас қатысқан концерт ашық аспан астында ұйымдастырылған. Ғаламторда тараған видеода танымал әншіге жақындау үшін фанаттардың түрлі ерсі әрекеттерге барғанын анық байқауға болады. Олардың бірі сахнаға жүгіріп шықса, екіншісі күзетшілерден қашып жүр. Бейнежазбаны көрген көпшілік хит әншіні де, тыңдарманды да оңдырмай сынап жатыр. «Түк көрмеген сияқтысыңдар», «Жабайы халық, павлодарлықтарды ұятқа қалдырмаңдаршы», «Ол әншілердің қойылымы», «Әншілер Павлодарға жиі келуі керек. Сонда сағынышы басылады», «Ноқтасыз малдар», «Роза Рымбаеваның концертіндегі малдан соң, осындай секіріп шыққан құрбақалар да көбейді», «Арзан жеңіл пиар», - деп пікір білдірді желі қолданушылар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Мой Павлодар (@mypavlodar)