Атырауда 23 жастағы бойжеткен жоғалып кетті
Қазір полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен аруды жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіп жатыр.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жоғалған ару 18 қазанда түнгі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кеткен.
«Із-түзсіз жоғалған бойжеткен Яна Легдокимова 2001 жыоы дүниеге келген. Ол Атырау қаласындағы Авангард-2 шағын ауданында тұрған. Үйінен 18 қазан күні сағат 22:00 шамасында шығып, осы уақытқа дейін кері оралмаған. Жоғалған бойдеткеннің бойы – 1 метр 60 см», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен аруды жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіп жатыр. Әзірге із-түзсіз жоғалған қыздың қай бағытқа кеткені, қайда жүргені туралы еш дерек жоқ.
«Жоғалған адамды іздестіру жалғасып жатыр. Ол туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне дереу қоңырау шалуды сұраймыз», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.