Өрттен 2 адамды құтқарған семейлік марапатталды

Өрттен 2 адамды құтқарған семейлік марапатталды

Өрттен 2 адамды құтқарған семейлік марапатталды
ашық дереккөзі
Семейде Төтенше жағдайлар бойынша басқармасының құтқарушылары Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Дәурен Жамбаевты марапаттады деп хабарлады turkystan.kz Arnapress.kz басылымына сілтеме жасап. 29 мамыр күні мектеп директорының орынбасары өртеніп жатқан кафеден 2 адамды алып шыққан. Оның сөзінше, таңға жуық уақытта Дәурен Достоевский көшесіндегі өртеніп жатқан ғимаратты көрген. Бірден өрт сөндірушілерді шақырып, өзі де жүгіріп барған. Бірінші адамды алып шыққан соң, алғашқы медициналық көмек көрсетіпті. Терезені кірпішпен сындырған соң, екінші адамды сыртқа алып шыққан.
«Қауіпке толы осы бір секундта Дәурен өз өміріне төнетін қатер туралы ойламаған. Себебі өрт сөндірушілер кафеден 4 газ баллонын алып шыққан», – делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, бұған дейін Семей қаласының әкімі Дәурен Жамбаевқа ерлігі үшін тоңазытқыш сатып алуға арналған сертификат сыйлаған еді.