«Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының тұсаукесері өтті

«Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының тұсаукесері өтті

«Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының тұсаукесері өтті
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жарыққа шыққан «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының тұсаукесері өтті. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен кітаптың авторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев Тәуелсіз Қазақстанның аса маңызды оқиғалары жөнінде үш тілде сыр шертетін туындыны көпшілікке таныстырды. «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабы ғылыми еңбек емес, көпшілікке арналған танымдық кітап. Сондықтан баршаңыздың оқып, өткенімізге көз жіберіп, барымызды бағалауға атсалысып, оқырман болуға шақырамын», – деді аймақ басашысының орынбасары. Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, қызылордалық Кәрібаев Берекет Бақытжанұлының ұзақ жылғы ізденістерінің нәтижесі туындының құндылығын арттыра түсті. «Бұл кітап Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шықты. Әрине, осы 25 жыл ішінде елімізде маңызды да айтулы оқиғалар аз болмағаны белгілі. Дегенмен, бұл кітапта біздің көзқарасымызбен аса маңызды деген 25 оқиға үш тілде жазылып шықты. Мұнда көтерілген әрбір жетістіктердің барлығы ел бірлігін берік ұстанған егемендіктің жиырма бес жылында жасалған жасампаз істер. Осындай әрбір жетістігік Тұңғыш Президенттің сара да салиқалы саясатымен жүзеге асырылып отырғаны баршаға аян», – деді кітаптың авторы.