Францияда «Әлем» атты қазақтардың жаңа қауымдастығы құрылды

Францияда «Әлем» атты қазақтардың жаңа қауымдастығы құрылды

Францияда «Әлем» атты қазақтардың жаңа қауымдастығы құрылды
ашық дереккөзі
Париж қаласында өтіп жатқан «Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайында» Францияда «Әлем» атты қазақтардың жаңа қауымдастығы құрылды деп хабарлады turkystan.kz. Қауымдастықтың ашылу салтанатына ҚР Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Галиев пен «Отандастар Қоры» КеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы қатысып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. Қауымдастықтың мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, атамекен Қазақстанмен байланыстарды нығайтуға негізделген. Өткізіліп жатқан іс-шараға «Әлем» қауымдастығының төрайымы Имашева Зульфат Гильзакри мен «Әлем» қауымдастығының Вице – президенті Скакова Майра қатысты. Қауымдастық басшысы З.Имашова шетелге кетіп есімдері ұмытылған қазақ жұлдыздарын халыққа таныту мен қайтадан жаңғырту қауымдастықтың басым бағыттарының бірі болатынын айтты.