Алматыда шетел журналистері референдум учаскесіне аккредитациясыз кіріп кеткен

Алматыда шетел журналистері референдум учаскесіне аккредитациясыз кіріп кеткен

Алматыда шетел журналистері референдум учаскесіне аккредитациясыз кіріп кеткен
ашық дереккөзі
Қаладағы учаскелердің біріне ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредитациясыз келген. Бұл туралы Алматы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтты деп хабарлады turkystan.kz
«Қандай да бір түсініксіз жағдайлар болған жоқ. Алайда шетелдік БАҚ өкілдері учаскелердің біріне аккредитациясыз келгені белгілі болды. Бұл – ресейлік ұйымның өкілдері. Олар учаскеге жіберілген жоқ. Шетелдік БАҚ өкілдері Қазақстанда орталық сайлау комиссиясында немесе Сыртқы істер министрлігінде алдын ала аккредиттелуге тиіс», - деді Жанна Асанова брифинг барысында.
Айта кетсек, Алматыда 1,1 млн астам адам дауыс беруге құқылы. Мегаполисте 574 референдум учаскесі ашық.