Референдум: бюллетеньдерге қатысты жалған ақпарат тарады

Референдум: бюллетеньдерге қатысты жалған ақпарат тарады

Референдум: бюллетеньдерге қатысты жалған ақпарат тарады
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке салу барысы бейнеленген бейнеролик тарап жүр деп хабарлады turkystan.kz. Телеграм арналарының бірінде тарап жүрген бейнежазба бүгін республикалық референдум барысында түсірілгені айтылды. Stopfake.kz бұл жалған ақпарат екенін растады. «Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстандағы президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, заң бұзушылық Бақай ата ауданындағы №6071 учаскеде жасалған», делінген ақпаратты тексерушілер каналында.