Сағат 18.00-ге дейін 7,6 млн қазақстандық референдумда дауыс берді

Сағат 18.00-ге дейін 7,6 млн қазақстандық референдумда дауыс берді

Сағат 18.00-ге дейін 7,6 млн қазақстандық референдумда дауыс берді
ашық дереккөзі
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Өтемісов Шавхат Әнесұлы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 7 624 641 адам дауыс бергенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,04 % бюллетень алды. Оның ішінде: Ақмола облысы бойынша - 69,07 % Ақтөбе облысы бойынша - 55,90 % Алматы облысы бойынша - 68,10 % Атырау облысы бойынша - 62,45 % Батыс Қазақстан облысы бойынша - 65,49 % Жамбыл облысы бойынша - 68,10 % Қарағанды облысы бойынша - 73,31 Қостанай облысы бойынша - 71,07 % Қызылорда облысы бойынша - 75,02 % Маңғыстау облысы бойынша - 59,14 % Павлодар облысы бойынша - 72,88 % Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 73,12 % Түркістан облысы бойынша - 78,24 % Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 72,76% Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 53,87% Алматы қаласы бойынша - 29,82% Шымкент қаласы бойынша - 69,55%», -деді Шавхат Өтемісов.
Келесі жедел ақпарат сағат 20.00-де берілетін болады