Сағат 18.00-ге дейін 7,6 млн қазақстандық референдумда дауыс берді
Сағат 18.00-ге дейін 7,6 млн қазақстандық референдумда дауыс берді
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Өтемісов Шавхат Әнесұлы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 7 624 641 адам дауыс бергенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,04 % бюллетень алды.
Оның ішінде:
Ақмола облысы бойынша - 69,07 %
Ақтөбе облысы бойынша - 55,90 %
Алматы облысы бойынша - 68,10 %
Атырау облысы бойынша - 62,45 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша - 65,49 %
Жамбыл облысы бойынша - 68,10 %
Қарағанды облысы бойынша - 73,31
Қостанай облысы бойынша - 71,07 %
Қызылорда облысы бойынша - 75,02 %
Маңғыстау облысы бойынша - 59,14 %
Павлодар облысы бойынша - 72,88 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 73,12 %
Түркістан облысы бойынша - 78,24 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 72,76%
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 53,87%
Алматы қаласы бойынша - 29,82%
Шымкент қаласы бойынша - 69,55%», -деді Шавхат Өтемісов.
Келесі жедел ақпарат сағат 20.00-де берілетін болады