Қытай келер жылы екінші ғарыш зертханасын ашпақ. Содан кейін ғарышқа алтыншы басқарылатын миссиясын жөнелтуді мақсат тұтуда. «China Daily» порталының деректеріне сүйенсек, жаңадан ашылатын «Тяньгун – 2» зертханасы Қытайдың болашақ ғарыш стансасы үшін ғарыштағы тіршілік әрекетін қолдау технологиясын сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Ол ұшырылғаннан кейін «Шэньчжоу-11» ғарыш кемесі «Long March 2F» зымыран тасығышында тайконавтарды орбитаға жеткізеді. 2016 жылы Қытай жүк тасымалдайтын «Тяньчжоу – 1» ғарыш кемесін ұшырады. Аталмыш ғарыш кемесі «Тяньгун – 2» зертханасына қондырғылар мен жанар-жағар майды жеткізеді деген жоспар бар. Ал ғарыш стансасының негізгі модулі 2018 жылы ұшырылса, 2022 жылы толыққанды қызметін атқара бастайды. Қытайдың «Тяньгун – 1» ғарыш зертханасы орбитаға 2011 жылдың қыркүйек айында ұшырылған еді. Қытайда қазір ең ауыр әрі күрделі «Long March 5» зымыран тасығышы қурастырылуда. Салмағы 800 тонна, ұзындығы 57 метр, диаметрі 5 метр зымыран тасығыштың орбитаға ижүк көтеру қуаттылығы 25 тоннаны құрайды.