Exit-poll қызметі. Шымкенттегі №95 референдум учаскесіндегі жағдай

Exit-poll қызметі. Шымкенттегі №95 референдум учаскесіндегі жағдай

Exit-poll қызметі. Шымкенттегі №95 референдум учаскесіндегі жағдай
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында референдум күні 300-ден аса учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Дауыс беру орындары ашылысымен еxit-pool қызметі де іске қосылды. №95 учаскелік референдум комиссиясының төрайымының айтуынша, бұл учаскіге барлығы 1836 адам тіркелген. Сондай-ақ сағат 13:00-ге дейін 850 адамдай дауыс берген.
«Бүгін азанда 7:00-де 9 мектепте сайлау учаскесі ашылды. Бізде 1836 сайлаушылар тіркелген. 1852 бюлетень. Бақылаушылар бар. Аманат, Ауыл және Ақжол партиясының өкілдері келді. 20:00-де жабылады. Кейін дауыстарды санаймыз. Санап қойып, тапсырамыз. Пандус бәрі бар, жағдай жасалған», - деді Анар Аманқұлова.
Комиссия хатшысының айтуынша, халық референдумға белсенді түрде қатысып жатыр.
«Халықтың құлшынысы жылдан жылға жақсарып келе жатыр. Келушілердің қатарында жастар да, егде кісілер де бар. Көбі – қызметкерлер. Жалпы сайлау жақсы өтіп жатыр», - дейді учаскелік комиссияның хатшысы Ләззат Мырзалиева.учаскелік