Референдум: Атырауда таңертең 5 сәби дүниеге келді

Референдум: Атырауда таңертең 5 сәби дүниеге келді

Референдум: Атырауда таңертең 5 сәби дүниеге келді
ашық дереккөзі
Референдум күні таңда Атырау қаласында 5 сәби дүние есігін ашты деп хабарлады turkystan.kz. Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, дүние есігін енді ашқан шақалақтардың 5-еуі де қыз бала. Атырау қалалық перзентханасында орналасқан №80 учаскеде 90 ана өз таңдауын жасады. Жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де алғаш болып Гауһар Бұзаубекова дауыс берді. Гаухардың бұл үшінші нәрестесі, бұған дейін егізін осыдан 9 жыл бұрын дүниеге әкелген. Перзентхана ұжымы бірінші болып таңдау жасаған келіншекке бала күтіміне арналған жиынтықты сыйға тартты.
«Мен өз балаларымның болашағы үшін дауыс беріп, таңдауымды жасадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Дәрігерлерге алғысымыз шексіз», - деді ол.
Ал 19 жастағы Камшат Қайратова бүгін алғаш рет ана атанды.
«Мен бүгін дәрігерлердің арқасында өз нәрестемді қолыма алғаныма қуаныштымын. Таңдауымды балаларымның болашағы үшін жасадым», - дейді ол.