Мақтааралда әжелер референдумға ұлттық киіммен келіп, шашу шашты

Мақтааралда әжелер референдумға ұлттық киіммен келіп, шашу шашты

Мақтааралда әжелер референдумға ұлттық киіммен келіп, шашу шашты
ашық дереккөзі
Мақтааралдық әжелер референдумға ұлттық киіммен келіп, шашу шашты, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жаңа Қазақстанды құру жолында референдумның маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін ауылдың әжелері болып учаскеге келдік», - деді олар.
Ауылдың әжелері ақ баталарын беріп, өз таңдауларын жасады. Айта кетсек, Мақтаарал ауданында 59 референдум учаскесі таңнан бері жұмыс істеп тұр. Аудан аумағында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 70587 азамат тіркелген